9.08.2018, 16:25
Қараулар: 112
Аудан қарттарға арналған экскурсия өтті

Аудан қарттарға арналған экскурсия өтті

Аудан орталығы Переметный ауылындағы қариялар мен кейуаналарға арналған арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығының әлеуметтік істер жөніндегі маманы Гүлшат Домбаева орталықта ғұмыр кешіп жатырған қарияларға экскурсия ұйымдастырды.


Аудан орталығында жаңадан тұрғызылған «Бейбітшілік пен келісім», «Астана» саябақтарына барған қариялар мен кейуаналар тұрғындарға осындай тамаша демалыс орнын тұрғызған жергілікті атқамінерлерге алғысын жеткізді.

Сондай-ақ былтыр аудан күні мерекесі қарсаңында ашылған «Ана мен бала» тынымбағы мен биыл бекітілген «Домбыра күні» мерекесіне орайластырылып тұрғызылған Домбыра мүсінін тамашалап, күн санап көркейіп келе жатырған аудан орталығында тұрғындар демалатын орындардың көбейіп жатқанындығына оң бағаларын берді.

Экскурсияларының соңын аудандық тарихи-өлкетану музейінде аяқтаған қарттар ол жерде аудан тарихына қатысты тың деректермен танысып, музей жұмысына сәттілік тіледі.

 

Түгелбай БИСЕН

БІЗДІҢ АУЫЛ ОСЫНДАЙ!

Басқа да мақалалар