8.08.2018, 12:05
Қараулар: 528
Шәкәрім жырлары-сарқылмас қазына

Шәкәрім жырлары-сарқылмас қазына

Дариян  ауылдық кітапханасының меңгерушісі Динара  Ғизатова көрнекті ақын, философ  Шәкәрім  Құдайбердіұлының   160  жылдығына  орайластырылған танымдық акция ұйымдастырды. Ауылдың  орталық  саябағында өткен шараға ауыл тұрғындары белсенді қатысты.


Акция барысында кітапханашы  Любовь Ивашкова  жиналғандарға Шәкәрім Құдайбердіұлының   өмірі  мен  шығармашылығы  жайында  толық  мағлұмат  беріп, ауыл тұрғындарын арнайы  дайындалған  көрмемен таныстырды. Қазақ әдебиетінің  данасы туралы  мәліметке қаныққан оқырмандар кітап көрмесіне қойылған оқулықтармен танысып,  пікірлерін білдіріп, библиографиялық шолудан алған  әсерлерімен бөлісті.

Акция соңында ұйымдастырушыларға рахметін жаудырған оқырман Шәкәрімдей ұлы тұлғаның адамзатқа берерімол екендігін айтты.

Гүлжан Аязбаева