8.08.2018, 10:35
Қараулар: 340
Қамқор жан

Қамқор жан

Республикалық «Мектепке жол» акциясы басталысымен аудан кәсіпкерлері балғындарға деген сыйлықтарын алып, мүмкіндігінше көмек көрсетуге асығады. Сондай игі іс жасауға асығып тұратын ел жанашырларының бірі Егіндібұлақ ауылының тұрғыны Бауыржан Сақпереев.


         Бауыржан Асқарұлы өзі оқыған мектепке әрдайым қолдау көрсетіп тұрады.

Жуырда ол мектеп ұжымы ұйымдастырған «Бірінші сынып оқушыларына сыйлық» атты акцияға белсене араласып, ауыл мектебінің табалдырығын аттағалы отырған 9 оқушыны толықтай мектеп формасымен қамтамасыз етті.

Осы күнге дейін мектепке қажетті жиһаздарын алып, мектеп мұражайының жасақталуына да бір кісідей атсалысқан кәсіпкерге ел алғысы шексіз.

 

Меруерт ЕШНИЯЗОВА

Егіндібұлақ мектебінің мұғалімі