8.08.2018, 10:30
Қараулар: 9
«Zelenov triathlon — 2018» мәреге жетті

«Zelenov triathlon — 2018» мәреге жетті

Ауданда бұқаралық спортты насихаттау, салауатты өмір салтын ұстануға шақырар шаралар күн санап артып келеді. Сондай спорттық шаралардың бірі жуырда Жанбарса (Январцев) ауылында оздырылған «Zelenov triathlon — 2018» жарысы.


Нағыз мықтының мықтысы ғана айналысатын триатлон жарысына қатысушылар көп болды. Әсіресе, жастардың құлшынысы қуантты. Алдымен суда, кейін шайтанарбада, одан кейін жаяу жарысқан спортшылар шын мықтыны анықтады.

Бірнеше жас ерекшеліктері бойынша сынға түскен триатлоншылар жарысында 18-29 жас аралығындағы спортшылар сынында Нұркен Қасымов үздік деп танылса, осы жас аралығындағы қыздар арасында Лəззат Төлепбергенова жеңімпаз атанды.

30-39 жас аралығындағы триалоншылар арасында Сабира Қадырова қыздар арасында, Виталий Бырко ерлер сынында бас жүлдені иеленді.

40-49 жас аралығындағы әйелдер арасында Надежда Голубенко, ерлер арасында Асхат Шахаров үздік деп танылды.

Сондай-ақ 50 жастан жоғары триатлоншылар да бақтарын сынады. Бұл спортшылар бәсекесінде Нұрсәуле Оразаева әйелдер сынының үздігі атанса, ерлер арасында Сергей Щербань бас жүлдені қанжығасына басты.

Барлық жүлдегерлер мен жеңімпаздарға бағалы сыйлықтар мен медальдар табыс етілді.

 

Түгелбай БИСЕН

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар