26.07.2018, 10:47
Қараулар: 376
Қоғамдық кеңес отырысы өтті

Қоғамдық кеңес отырысы өтті

Кеше аудан әкімдігінің мәжіліс залында фокус-топтың «Қоғамдық кеңес: қоғамдық кеңестің жаңа мүмкіндіктерінің қоғамдық мониторингі» тақырыбында отырысы өтті.


 

Отырысқа қоғамдық кеңес мүшелері, бөлім-мекеме басшылары, белсенді жастар, бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері қатысты.

Кеңеске қатысқан «Ақ отау» ҚБ еріктісі Гүлмира Қайырова, «Диабет» ҚБ мүшесі Тамара Алексейқызы бүгінгі таңда жұмыс жүргізіп отырған қоғамдық кеңестің аясын кеңейту, маңыздылығын арттыру жұмыстарына тоқталды.

Кеңес отырысын жүргізген еңбек ардагері Любовь Шмарина осы күнге дейін қоғамдық кеңестердің атқарған жұмысына тоқталып, алдағы жоспарларымен бөлісті.

Сондай-ақ отырыс барысында қоғамдық кеңес мүшелері аудандық мәслихат хатшысы Рамазан Исмағұлов, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Ғалымжан Меңдалиев, аудандық тарихи-өлкетану музейінің меңгерушісі Нұржан Дүзбатыров т.б. сөз сөйлеп, азаматтық қоғам институттарын қалыптастыру, қоғамдық кеңестің рөлін арттыру және де материалдық базасын нығайту сынды ұсыныс-тілектерін білдірді.

 

Ертай БИМҰХАНОВ