24.07.2018, 12:00
Қараулар: 7
Янайкиндіктер үздік футболшыны еске алды

Янайкиндіктер үздік футболшыны еске алды

Янайкин ауылының кезіндегі тұрғыны, тамаша футболшы Фарух Галиевтің арамыздан озғанына екі жылдың жүзі болды.


Спортшы жігіттің тума-туыстары мен спорттағы достары осымен екінші жыл қатарынан шағын футболдан аудандық ашық турнир ұйымдастырып келеді.  Дәстүрге айналған жарыс биыл да өз жалғасын тапты.

Футболшы достарын еске алып, жастарды салауатты өмір салтын ұстануға шақырған жарысқа бірнеше команда қатысты.

Тартысқа толы болған жасыл алаң бәсекесінің қорытындысында  ІІІ орын алаң иелері Янаукин командасына, ІІ орын Орал қаласынан келген ұжымға, ал І орын Переметный ауылының командасына бұйырды.

Жарыс ұйымдастырушылары қатысушы командаларға ризашылықтарын білдіріп, үздік ойыншылар мен жеңімпаз-жүлдегерлерді марапаттады.

 

Түгелбай БИСЕН