24.07.2018, 11:19
Қараулар: 11
Дариян жастары дос құрметіне футбол жарысын ұйымдастырды

Дариян жастары дос құрметіне футбол жарысын ұйымдастырды

Дариян ауылының кезіндегі тұрғыны, футболшы Рустам Көшекбаевты еске алуға арналған шағын футбол турнирі өтті.


Жергілікті жастардан құралған «Дарьинск» футбол командасы ұйымдастырған жарысқа аудан ауылдары мен Орал қаласынан келген командалар қатысты.

Салауатты өмір салтын насихаттау, ауыл жастарының футболға деген қызығушылығын ояту мақсатында оздырылған жарыс қорытындысында ІІІ орын Рубежка ауылының командасына бұйырса, ІІ орын Орал жігіттеріне, ал, І орын алаң иелерінің қанжығасына бұйырды. Жеңімпаз атанған дарияндық футболшылар жеңістерін футболшы досына арнайтындығын айтып, чемпиондық кубокті Рустамның анасына табыс етті.

Сондай-ақ жарыс ұйымдастырушылары командасын алға сүйреп, үздік ойын көрсеткен Чоров командасының ойыншысы Николай Старов «Үздік шабуылшы», Орал командасын алға сүйреген Сағынбай Хайрошев «Үздік қорғаушы» аталымдарына ие болса, рубежиндік Захар Игнатенко «Үздік қақапашы» атанды.

 

Марзия ҚОНЫСБАЕВА