23.07.2018, 15:57
Қараулар: 11
Су басқан көшелердің қаупі сейілді

Су басқан көшелердің қаупі сейілді

Ағымдағы жылдың 21 шілдесі күні аудан орталығы Переметный ауылында толассыз жауған жауынның салдарынан түнгі сағат 23.00 шамасында аудан әкімдігінің төтенше жағдайлар жөніндегі кезекшілік бөліміне Переметный ауылының Гагарин және Орал көшелерінің тұрғындарынан тұрғын үйлеріне жаңбыр суынан су басу қаупі бар екендігі жөнінде ақпарат-дабыл түседі.


 Тұрғындар талап-тілегінен соң аудан орталығындағы Төтенше жағдайлар жөніндегі штаб мүшелері жиналып, қауіптің алдын алу бағытындағы жұмыстарын жүргізді.

Атап айтар болсақ, су жүретін арықтар кеңейтіліп, өтініш білдірген әр тұрғын үй мен аулалардан мотопомпа, су сорғыш (насос) және осенизаторлар арқылы су айдау немесе шығару жұмыстары жүзеге асырылды.

Сонымен қатар, аудан орталығына таяу орналасқан Белес, Зеленый, Железнов, Шалғай, Мичурин ауылдық округтерінен мотопомпалар мен ерікті жасақшылар тартылып, су шығару жұмыстары орындалды.

Жалпы қауіптің алдын алу бағытында 2 трактор, 10-нан астам қызметтік, жеке көліктер және де 10-нан астам мотопомпа мен су сорғыш (насостар) іске қосылды.

— Переметный ауылдық округі бойынша жасақталған комиссия мүшелері 21 тұрғын үйді аралап, мән-жаймен танысып, түсінік жұмыстарын жүргізді.

Оған қоса, аудандық жас туристер стансасында тұрғындарды эвакуациялау пункті ұйымдастырылды. Алайда тұрғындар пунктке барудан бас тартты.

Қазіргі уақытта жағдай бірқалыпты, — дейді Зеленов ауданы әкімдігінің төтенше жағдайлар жөніндегі аға инспекторы Нұргелді Өтемұратов.

 

Ертай БИМҰХАНОВ

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар