19.07.2018, 10:17
Қараулар: 349
Сайыс қыза түсті

Сайыс қыза түсті

Аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесі осыдан бірнеше ай бұрын «Туған жер – тұнған шежіре» атты интелектуалды сайысын бастаған болатын.


Елбасы ұсынған «Туған жер» бағдарламасының мән-мазмұнын ашып, тұрғындардың өлкетануға деген қызығушылығын ояту мақсатында қолға алынған сайысқа деген қызығушылық күннен- күнге артып келеді.

Аудан орталығындағы барлық мекемелер мен бөлім және оқу орындары, округтерден келген командалар қатысып, бақ сынаған интелектуалды ойынның кезекті кезеңіне Жас туристер стансасы, Переметный ауылдық округі әкімдігі, «Еркем-ай» бөбекжайы, аудандық ветеринарлық стансасы командалары қатысты.

Бес кезеңнен тұратын интелектуалдар жарысында командаларға ауданнан шыққан тұлғалар мен өлке тарихы, ауданның қазіргі жайы турасында сұрақтар қойылды.

Жарыстың алғашқы кезеңіндегідей емес, осы күні командалар сайысқа тыңғылықты дайындалып келген. Қорытындысында басқа ұжымдардан үздік нәтиже көрсеткен Переметный ауылдық округі әкімдігінің ұжымы жарыстың финалдық кезеңіне жолдама алды.

 

Түгелбай БИСЕН