17.07.2018, 16:27
Қараулар: 7
Дала өрті өршіп тұр

Дала өрті өршіп тұр

Көшім ауылдық округіне қарасты Өркен ауылы маңында үлкен дала өрті орын алды.


3224 гектар жерді жалмаған тілсіз жауды округ әкімдігі мен ауыл тұрғындары және ауылдың ерікті өрт сөндіру жасақтары құрықтағанымен, біраз жер күлге айналды. Аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің аға инженері, капитан Николай Сламихин өртке оранған жердің жалпы периметрі 29 шақырымды құрағанын айтады.

Аға инженер Николай Михаилұлының айтуынша, биылғы жылы 33 дала өрті тіркелген. Бұл өткен жылғы көрсеткішке қарағанда 7 оқиғаға аз екен. Дегенмен, шіліңгір ыстық әлі алда екендігін ескерген жөн.

Сондай-ақ төтеншеліктер дала өртімен күресте әкімдіктер мен тұрғындар және ерікті өрт сөндіруші жасақтары белсенділік танытқанымен кейбір шаруа қожалығы иелері «өрт менің аумағымда орын алып жатқан жоқ» -деген желеумен тілсіз жауды құрықтауға құлықсыздық танытатынын айтады. Бір тал темекі мен бір тұқыл шырпынан лап ететін дала өртімен күресте қол біріктіру маңызды.

Сондықтан, дала ортақ екенін жоғарыда айтылған қожалық иелері ескерсе екен.

 

Түгелбай БИСЕН