17.07.2018, 11:31
Қараулар: 128
Күздік бидайға орақ түсті

Күздік бидайға орақ түсті

Аудан шаруалары егін ору науқанын бастап кетті. Әзірге күздік дақылды орып жатқан диқандардың шаруасы қызып жатыр.


Аудан аумағында 45247 гектарға егілген күздік дақылдың 5643 гектары қыста үсіп, есептен шығарылған. Ал, қалған 39604 гектар жердегі дақылға орақ түсті. Әзірге 1530 гектар егінді орған шаруалар барлық жұмыстың 3,9 пайызын орындады. Егіннің өнімділігі де жаман емес, гектарынан 17 центнер өнім алынуда.

Ақпаратты берген аудандық ауыл шаруашылғы бөлімінің мамандары өнім жақсы болғанымен, бидай сапасы орташа екенін айтады.

Түгелбай Бисен