13.07.2018, 11:24
Қараулар: 18
Мерейтой иелерін құттықтады!

Мерейтой иелерін құттықтады!

Өткен аптада  ауданымызға қарасты Асан ауылының тұрғындары Базарбай Клара Асановтарды елордамыз Астананың 20-жылдығымен тұспа-тұс келген алтын тойларымен  ауыл әкімі Бержанов Бекқали Базарбайұлы құттықтап, ізгі тілегін білдіріп, мерейтой иелеріне сый сияпатын ұсынып марапат жасады.


Осыған орай,ауылда концерттік бағдарлама ұсынылып, мерейтой иелеріне тамаша көңіл күй сыйлады. Бұл елге сыйлы ардақты жандар ауылымызды мекен етіп қана қоймай,ауыл өміріне өз үлестерін қосып,игі істеріне белсене араласып  ел игілігіне жарайтындай  қызмет етіп, қажырлы еңбек сіңірген өте керемет отбасы десек артық айтқандық болмас.

Айта кетер болсақ Асановтар әулетінің тірегі Базарбай ағамыз Асан агро фермасының өркендеуіне өз  үлесін қосқан болса, жұбайы Клара апамыз, 40-жыл ғұмырын ұстаздыққа арнаған.

Осы асыл жандарымызға арналып ұйымдастырылған шараға ауыл әкімі ғана емес  «Мар Эль» шаруа қожалығының басшысы Асанов Марат Владимирұлы  да арнайы келіп, құттықтап ізгі тілегін білдірді.

Сонымен қатар мерекелік шараға келген Орал Қалалық 4-ші емхана басшылығы ауыл тұрғындарының жанына  шипа боолған медицина саласының ардагері Ғалиева Орындық Ақкерейқызына сый-сияпат ұсынды.

Шара соңы ауылдық мәдениет үй ұжымының  ұйымдастырған тамаша мерекелік концертіне ұласты.

Жанерке Ерболқызы

Асан ауылы

БІЗДІҢ АУЫЛ ОСЫНДАЙ!

Басқа да мақалалар