12.07.2018, 9:54
Қараулар: 7
Ауданда кітап оқу терапиясы жанданбақ

Ауданда кітап оқу терапиясы жанданбақ

Егеменді еліміздің болашағы, мемлекетіміздің тірегі – ұл-қыздарымыздың бойына ұлттық әдет-ғұрпымызды қалыптастыру арқылы салауатты өмір салтын насихаттау ұлтына, жасына қарамай қоғамда өмір сүріп жатқан әрбір  адамның борышы.


Бүгінде кітап оқуға деген құштарлық төмендеп кеткендігі жасырын емес. Ал біз қайткен күнде де балаларды кішкентайынан кітап оқуға үйретуіміз керек, кітапқа деген құштарлығын ояту үшін бар жағдайды жасауға тиіспіз.

Жақында Дариян ауылдық балалар модельді кітапхасының кітапханашысы Ханзила Мұхамбетованың ұйымдастыруымен балалбақша   тәрбиеленушілерінің қатысуларымен «Кітапханаға саяхат» тақырыбында    дөңгелек үстел өткізді.

Жас жеткіншектерді кітапханаға тарту, кітап оқуды насихаттауды мақсат  еткен шараға тәрбиеленушілердің ұстаздары қатысып, өз ойларын ортаға  салды.

«Балаңыз кітап оқиды ма?» тақырыбындағы кітапхана туралы бейнекөрсетілімнен кейін балалар әр түрлі тақырыптағы ертегілер жайында   түсініктерін айтып, суреттер тамашалады.

Сондай-ақ мультфильмдерден де үзінділер көрсетілді.

Дөңгелек үстелге жиналғандар арасындағы ата-аналар балалар арасында  кітап оқу терапиясын жандандыру қажет деген пікірмен тарасты.

 

Гүлжан АЯЗБАЕВА