11.07.2018, 16:55
Қараулар: 110
Депутаттар Шынар кенішінде болды

Депутаттар Шынар кенішінде болды

Зеленов ауданы Январцев ауылдық округіне қарасты Шынарлы (Чинарев) кенішін игеріп жатқан «Жайықмұнай» ЖШС өндірістік базасында Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттары Глеб Щегельский, Сергей Симонов, Евгений Козлов және Зеленов ауданының әкімі Асхат Шахаров аталмыш кеніштегі өндіріс нысандары жұмыстарымен танысты.


Алдымен өндірістік базаның құрлымымен танысып, кеніш базасындағы конференция залында техникалық қауіпсіздік шараларының қадағалануы, қоршаған ортаға өндіріс орнының әсері жөніндегі жұмыстармен слайд арқылы танысты.

Жұмыс сапары барысында депутаттар өндірістік нысандармен танысып, компания өкілдерімен де кездесті.

Айта кету керек, аталмыш компания мұнай өндіруші нысандарды жаңадан жабдықтау және қайта жарақтандыру жұмыстарымен қатар әлеуметтік салада да сан қырлы жұмыстарды іске асырып келеді. Бүгінде оның игілігін мұнайшылармен қатар, бүкіл аудан халқы көріп отыр.

 

Ертай БИМҰХАНОВ

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар