5.07.2018, 15:29
Қараулар: 54
Ауылдық округ әкімдері лауазымына үміткерлер таныстырылды

Ауылдық округ әкімдері лауазымына үміткерлер таныстырылды

Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан-2050» стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Жолдауында жергілікті мемлекеттік басқаруды дамыту концепциясына қол қойған болатын.


Халықтың билікке араласу тетіктерін жетілдіруды көздеген құжатта округ әкімдерінің сайланбалылығы енгізілген-ді.

Яғни, ауылдық округ әкімін сайлауға ұсыну үшін аудан әкімі жергілікті қоғамдастық өкілдерімен консультация өткізу керек.

Ел Президентінің тапсырмасын орындау мақсатында жаңадан сайланғалы жатқан Переметный және Белес ауылдық округтерінің әкімі лауазымына үміткерлер халыққа таныстырылды.

Алдымен аудан орталығы Переметный ауылдық округінің әкімі лауазымына ұсынылған үміткерлерді таныстырылды.

Ол орынға көп жылдар аудан аумағында қызмет етіп жүрген Сәбит Баянов, Ринат Ескендіров және Бекзат Бадақов сынды әр сала өкілдері үміткер болса, Белес ауылдық округі әкімі лауазымына Мәлік Ілиясов, Есбол Абдолов, Жақсылық Мұханбетжанов сияқты үміткерлер ұсыныс білдірген.

Қос ауылдық округте болған аудан басшысы Асхат Берлешұлы әр үміткерді таныстырып, тұрғындардың ұсыныстарына құлақ асты.

 

Түгелбай БИСЕН