4.07.2018, 9:33
Қараулар: 11
Асқақатай бер, бас қала! Арманым ақиқатқа айналды.

Асқақатай бер, бас қала! Арманым ақиқатқа айналды.

Еңселі Елорда, асқақтаған Астана! Бүгін біз осынау қасиетті сөздерді құрметпен,  көкірегімізді  кере, аса мақтанышпен айта аламыз. Себебі, Ел ордамызға 20  жыл!


Арқа төсін кесе аққан Ерке Есілді бойындағы айбынды Астанада төрт жыл  бойы  білім  алдым. Л. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің физика-техникалық  факультетінің түлегімін. Автоматизация және теле коммуникация мамандығының иесі болдым.

Жайықты жайлай қонған Дариян  ауылының тусам да бала арман Ел Ордасына тартумен болды. Көк жәшіктен Астананың әсем ғимараттары мен көшелерін көргенімде. –Бір күні мен де осы қалаға барамын,-деуші едім. 2014 жылы мектеп бітіргеннен кейін арманыс ақиқатқа айналып, Астанаға жолым оқуға келдім.

Міне, ғажап! Кеше ғана тұлымы желбіреген арман жетегіндегі ақ бантикті қыз едім. Қас қағым сәтте Астана қаласындағы студенттік күндерім де тамамдалуға жақын екен.

Астананың әр көшесі, әр үй жүрегіме жақын.Басты көше Қабанбай батыр даңғылынан бастап, Елордамның бүгінгі көрікті келбетін сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес. Астананың төрінен орын тепкен А.Байтұрсынов, М.Жұмабаев сияқты ұлт ұлыларының  атындағы көшелер қатардағы сарбаздай сап түзеген. Әр жерде ұлттық ою- өрнекпен ойып жасалған  мүсіндер мен  ескерткіштер қаланың нағыз қазақтың елордасы екенін Астанасы екенін айшықтай түседі.


 Жүріп  өткен  әр көпірді қазақ елінің қанды өткенінен бүгінгі тәуелсіздікпен  сенімді болашаққа өткен өткелдерінің бір нышанындай.

Алтын  күмбезді  мешіттері де қазақ даласын  нұрға бөлеп, қазақтың әр баласының жүрегін иманға толтырғандай.

Барлық   әсем  ғимараттарды  жекелеп,  даралап  айтар  болсақ  уақыт  жеткізе  алмаймын.  Ару  Астанмыздың халық тамашалап, қызықтап көрер кереметтері  өте  көп. Астанамызды мен мәңгі жүрегімде сақтаймын.  Өйткені,   ең  қызықты  да,  қайталанбас  жастық  шағым   осы  қалада  өтті.

Астананың  болашағы кемел екекніне көзім жетеді. Астанамның бүгінгі  келбеті   мені   асқақ  армандар  мен  биік   мақсаттарға   жетелейді. Кеудеме  мақтаныш сезімін  ұялатып,  шалқар  шабыт сыйлайды. Басты  арманым — өз жүрек қалауымның маманы  атандым. Сансыз ойлар мен ұшқыр  қиялдар да сонау биіктерге жетелейді.  Жұдырықтай жүрегім  де  ендігі  менің  барлық  армандарым   мен  мақсаттарым  болашақты  жалғастырушы алтын көпір, күллі қазақ халқының жүрегіне айналған  ару  Астанаммен   етене  байланысты.

Абыройың артып, әлемді сүйсіндіре бер, Астанам! Қазақ елінің бағын жандырып,  дүниеге даңқың жайыла бергей! Асқақтай бер,Ару  қала.

Иә, төрткүл  дүниенің   таңдайын  қақтырған  жиырма бірінші ғасырдың   ғажайыбы — Астана қаласы  әлі  де көркейіп, өркендеп, асқақтай бермек!

 Малика Ерғалиева,

Астана. Л.Гумелев атындағы

Еуразия ұлттық университетінің студенті