3.07.2018, 12:01
Қараулар: 45
«Саған Астана» велошеруін қабыл алды

«Саған Астана» велошеруін қабыл алды

Елордамыздың 20 жылдығына арналған шаралар легі толастар емес. Сондай ұлықтау шараларының бірі «Саған Астана» эстафеталық велошеруі.


Жалпы мұндай велошеру еліміздің барлық облыстары мен аудан орталықтарында озыдырылу үстінде.

Велошеру эстафетасын Тасқала ауданынан қабылдаған жерлестеріміз орталық алаңға жиналды.

Елордасы Астана қаласының 20 жылдығы аясында салауатты өмір салтын дәріптеуге бағытталған велошеру көшін аудан әкімі Асхат Шахаровтың өзі бастады.

Аудан орталығындағы Гагарин, Жеңіс көшелерімен көк туымызды жоғары көтере желбірете өткен велошабандоздар Переметный ауылына кіреберістегі аркаға тоқтап, эстафетаны облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасына табыстады.

Түгелбай БИСЕН

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар