3.07.2018, 11:38
Қараулар: 42
Домбырамен кеш көңілді

Домбырамен кеш көңілді

Шілденің алғашқы жексенбісі Елбасы жарлығымен Ұлттық домбыра күні болып бекітілді.


Ұлттық кодымызды қайта жаңғыртар осынау ұлық мерекенің қазақ халқына берері мол.

Кешегі Құрманғазы мен Дина, Тәттімбет пен Дәулеткерей, Сүгір мен Қазанғап сияқты дүлдүлдеріміздің серігі болған қара домбыраның қасиетін түсіну, ұлылығын ұғыну мақсатында белгіленген мерекені аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі «Домбыра party» шарасымен атап өтті.

Аудан орталығындағы «Ана мен бала» саябағында оздырылған рухты кешке ауыл тұрғындары мен өнерпаздар көптеп жиналды.

Ауданға танымал Аслан Ғизатовтай дарынды күйші ашқан кеште ұлы аспабымыздың асқақ үні Переметный аспанын шарлады.

Өнерпаздар Полина Ищенко, Альбина Залмұқан сынды домбырашылар да мереке сәнін кіргізіп, жианлғандарға күйден шашу шашса, Николай Новеньков өнерпаздардың әні мен күйін баянмен әрледі.

 

Түгелбай БИСЕН