27.06.2018, 15:28
Қараулар: 38
Күзет қызметі алда

Күзет қызметі алда

Аудан орталығы Переметный ауылында аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесінің ұйымдастыруымен «Туған жер – тұнған шежіре» атты интеллектуалды сайыстың екінші кезеңі өтті.


Елбасымыздың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласының «Туған жер» бағдарламасын арқау еткен сайысқа аудандық орталық аурухана, БҚО мамандандырылған күзет қызметі басқармасы мемлекеттік мекемесі, Зеленов ауданы № 25 өрт сөндіру бөлімі, Зеленов аудандық колледжі қызметкерлерінен құралған командалар қатысты. Туған өлке тарихын зерделеу, тарихи тұлғаларды, тарихи-мәдени ескерткіштер құндылығын қастерлеуді көздеген шара қорытындысында аудан тарихы жайында терең білімдерін көрсете білген БҚО мамандандырылған күзет қызметі бөлімі қызметкерлері қыркүйек айында өтетін финалдық кезеңге жолдама алды.

Назерке ТАЛҒАТОВА