25.06.2018, 15:49
Қараулар: 105
Ауданға «Жасыл ел» жетті

Ауданға «Жасыл ел» жетті

Әр адам өз елінің патриоты болуы керек. Осы орайда аянбай еңбек етіп, өз туған жерінің мәртебесін көтеру – әр қазақстандықтың міндеті. Әсіресе, еліміздің болашағы болып саналатын жастарымыздың тікелей парызы.


 Ел халқының басым көпшілігі бойында жалыны мен қуаты тасыған жастар екендігі мәлім. Өйткені, ұлт келешегі – жастардың қолында.

Бүгінгі жасқа қарап ертеңгі күннің, болашақ қоғамның қандай болатындығын болжауға болады. Сондықтан жастардың қызығушылығын қоғам назарына бұрған жөн.

Жалпы қандай елде болса да оның азаматтарының, жастардың қоғам өміріне белсене араласқандығы жақсы құбылыс.

Қазіргі танда елімізде мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыруда көптеген игі бастамалар өз жемісін беріп келеді.

Жастар саясатын іске асырудың негізгі міндеттерінің бірі – жас адамдардың өнегелік және рухани дамуын қалыптастыру, оларды патриотизмге тәрбиелеу, ішкі саяси тұрақтылықты нығайту.

Аталған міндеттерді іске асыру үшін республика бойынша жастарды патриоттық тәрбиелеу іс-шаралары да әзірленген. Солардың бірі – «Жасыл ел» бағдарламасы.

Биыл Зеленов ауданы орталығы Переметный ауылында алғаш рет «Жасыл ел» жастар жасағы өз жұмысын бастайтын болады.

Аудан орталығының гүлденіп көркеюіне аянбай еңбек етуге дайын 16 мен 29 жас аралығындағы әр жасқа уақтылы төленетін жалақысы да қарастырылған.

Қазіргі таңда аудандық ішкі саясат бөлімі және аудандық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығы бірігіп, еңбек етемін деген студенттер мен жұмыссыз жастардың жұмыстануына мол мүмкіндік туғызып отыр.

«Жасыл ел» бағдарламасы  аясында болашақ жас маман біріншіден, туған жерін гүлдендiру мен көгалдандыруға атсалысса, екiншiден, әр жас өзiнiң бос уақытын еңбек ету арқылы игі іспен шұылданбақ. Сондықтан елдің де, жастың да игілігіне пайдасы тиер бастаманың қолдау тапқандығы көңіл қуантады.

 

Түгелбай БИСЕН