1.06.2018, 21:19
Қараулар: 56
«Алтын балық» – Переметный ауылында

«Алтын балық» – Переметный ауылында

Елбасымыздың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласының «Туған жер» бағдарламасын іске асыру мақсатында аудан әкімдігінің бастамасы негізінде жергілікті кәсікерлердің қолдауымен Переметный ауылында «Алтын балық» тоғаны ашылды.


 Салтанатты шарада құттықтау сөз сөйлеген аудан әкімі Асхат Шахаров ел-жұртқа игі тілегін арнады.

– Бүгін керемет мереке. Кәсіпкерлердің ауылымызға жасаған тартуы құтты болсын!

Ендігі жерде «Алтын балық» баршамыздың арман-тілегіміздің орындалуына жол ашсын! Тоған ауыл тұрғындарының сүйікті демалыс орнына айналатындығына сенім мол. Ел көркейе берсін! – деді.


Ал, өз кезегінде сөз алған облыстық балалар мен жасөспірімдер саяхаты және экология орталығының директоры Виктор Фомин переметныйлықтарды тоғанның ашылуымен құттықтап, ауданның өркендеп даму жолында жетістіктерге жете беруіне тілектестігін жеткізді.

Шара аясында аудан басшысы Асхат Берлешұлы ауыл балаларымен бірге тоғанға балық жіберді.

Аталмыш тоғанның ашылуына бірден-бір қолұшын созған кәсіпкер Михаил Марченкоға елдің айтар алғысы шексіз.

Тоған айналасы қиыршық тастармен көмкерліп, гүл отырғызылған. Және де оның екі жақ бетінде де шағын көпір тұрғызылған.

 

Ертай БИМҰХАНОВ