2.12.2020, 17:19
Қараулар: 64
Өлкетану сайысынан жүлделі оралды

Өлкетану сайысынан жүлделі оралды

Орал қаласында облыстық балалар мен жасөспірімдер туризм және экология орталығының ұйымдастыруымен VI облыстық «Туған жер – алтын бесік» өлкетану олимпиадасы оздырылды.

Биыл аталмыш олимпиада онлайн режимде және екі номинацияда ғана өтті. Алғашқы «Ескерткіштер ел тарихы» атты жоба қорғау бөлімінде Бәйтерек ауданы намысын Дариян мектеп гимназиясының 9 сынып оқушысы Саяжан Шаймарданова қорғады. Ол туған ауылындағы Ұлы Отан соғысының 75 жылдығына орай қойылған ескерткіштің тарихын зерттеп, презентация қорғап, үздік нәтиже көрсетті.

Ал екінші интеллектуалды «Бәйге» бөлімінде Бәйтерек ауданы атынынан Қасым Аманжолов мектебінің 9 сынып оқушылары Ділназ Ерғали мен Аружан Карл қатысты. Өлкетану бағыты бойынша тест тапсырмаларына жауап берген қос қарлығыш екінші орынға табан тіреді.

Осылайша 12 команда бақ сынасқан байқаудың жалпыкомандалық есебінде Бәйтерек ауданының оқушылары I орынға ие болды.

Аружан БОЛАТБЕКҚЫЗЫ,

Бәйтерек ауданы