2.12.2020, 17:14
Қараулар: 80
Туристтер тағы қуантты

Туристтер тағы қуантты

Жуырда өлкетанушы, академик Т.К. Жездібаевты еске алуға арналған жыл сайын оздырылатын тау туризмі техникасы бойынша жарыс ұйымдастырылды.

Карантин шектеулеріне байланысты онлайн режимде өткен жарысқа ауданымыздың Ульянов және Белес орта мектеп оқушылары қатысты.

Тауға шығу техникасы және жеке белгілі бір дистанцияны бағындыру сияқты кездеңдерден тұрған сайыс қорытындысында Ерасыл Жолдығали, Жалғас Аяп, Элдар Гумаров және Алия Бекешова сияқты спортшылардан құралған аудан командасы II орынды иеленді.

Байрақты бәсекеде өнер көрсеткен барлық спортшыға мақтауқағаздары мен медальдар табысталды.

Аружан АМАНЖОЛ,

Бәйтерек ауданы