28.12.2020, 15:23
Қараулар: 39
Қазақстанның құрметті кітапханашысы атанды

Қазақстанның құрметті кітапханашысы атанды

Ж. Молдағалиев атындағы облыстық әмбебеп-ғылыми кітапханасы жылды қорытындылады. Онлайн режимінде ұйымдастырылған «Жыл қорытындысы-2020» шарасында өңір кітапханашыларының биыл атқарған жұмыстары сараланып, келер жылдың жоспары жасақталды. Сондай-ақ үздік кітапханашылар марапатталды.

Марапат алғандар ішінде үш бірдей бәйтеректік кітапханашы болды. Көп жылдан бері осы салада талмай еңбек етіп келе жатқан аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің басшысы Жеңісгүл Қалиқызы мен Зеленов моделді ауыл кітапханасының меңгерушісі Елена Михайловна ҚР Ұлттық кітапханасы, Қазақстандық Кітапханалық Одақтың атынан «Қазақстанның құрметті кітапханашысы» төсбелгісімен марапатталды. Сонымен қатар аудан кітапханасының әдістемелік бөлім меңгерушісі Ақгүл Жұмабекқызы «Үздік әдіскер-2020» аталымында үздік деп танылды.

-Көп жылдан бері кітапхана саласында еңбек етіп келемін. Осы марапат тек меінң ғана емес, барша ұжымымыздың жетістігі. Жаңа форматта жұмыс жасауға көшкен орталықтандырылған кітапханалар жүйесі алдағы уақытта оқырмандары санын арттыратын болады,-дейді марапат иесе Ж.Қалиқызы

Түгелбай БИСЕН,

Бәйтерек аудан