30.10.2020, 9:27
Қараулар: 128
Хор ұжымдарының сайысы өтті.

Хор ұжымдарының сайысы өтті.

Бәйтерек ауданына қарасты Дариян ауылында жергілікті мәдениет үйінің «Вокал» үйірмесінің жетекшісі Бауыржан Бекентаевтың ұйымдастыруымен «Ауылым — алтын бесігім» атты аудандық хор ұжымдарының байқауы өтті.

Онлайн режимде өткізілген байқау шарты бойынша хор ұжымдары патриоттық әндерді шырқауы керек болды. Жастарды патриотизмге баулып, көпшіліктің елге деген сүйіспеншілігін арттыру және қазіргідей аумалы-төкпелі кезеңде тұрғындарымызға ән арқылы рух беру мақсатында оздырылған байқауға Дариян, Чиров, Трекин, Январцев, Раздольное, Достық ауылдарының хор ұжымдары қатысты.

Байқау қорытындысында «Үздік патриоттық ән» аталымын даряндық хор ұжымы, «Үздік фольклорлық ұжым» аталымында чировтық әншілер, «Үздік халық әні» аталымында трекиндік «Хуторок» ұжымы, «Үздік орындаушы хор ұжымы» аталымында тағы бір трекиндік «Көңілашар» әжелер ансамблі мен «Айналайын» балалар хоры үздік шықса, «Үздік этрадалық вокал» аталымын Раздольный ауылдық клубының мүшелері қанжығалады. Сондай-ақ байқауға қатысқан рубежиндік хор ұжымы«Үздік халықтық көркемөнерпаздар» аталымыне ие болса, Январцев ауылынан қатысқан «Қызғалдақтар», Калинин аулдық Достық үйінің «Радничек» және Достық ауылның вокалды хор ұжымдары «Үздік балалар дауысы» аталымына лайық деп танылды.

Онлайн сайысына қатысушыларға мақтау қағаздары мен бағалы сыйлықтар табыс етілді.

Аружан БОЛАТБЕКҚЫЗЫ,

Бәйтерек ауданы