9.11.2020, 9:12
Қараулар: 96
Сатыбалды атайдың кезекті жүлдесі

Сатыбалды атайдың кезекті жүлдесі

 

«Бірлік» қоғамдық бірлестігі Теректі ауданы орталығында «Ақ бата» сайысын ұйымдастырды. Ұрпақтар сабақтастығын қалыптастырып, аузы дуалы ақсақалардың өнегесін үлгі ету және жастарды теріс діни ағымнан алшақтату мақсатында оздырылған байқауға Орал қаласы мен өңір аудандарынан келген 14 үміткер қатысты. Бата сайысы барлық санитарлық талаптарды қатаң сақтай отыра ұйымдастырылыды.

 

Сайыс шарты бойынша ақсақалдар бірінші кезеңде өзін-өзі таныстырып, дайын баталарын берсе, екінші кезеңде тосын түскен тақырыпқа сай ақ баталарын арнады. Теректі аспанын ақ батаға бөлеп, елдің жарқын болашағын, тату бірлігі мен берекелі тірлігін тілеген ақ бата сайысында Бәйтерек ауданының намысын қорғаған Сатыбалды Төлегенов жүлделі екінші орынға табан тіреді.

Осыдан бірнеше жыл бұрын өткен ақ бата сайысында екінші орын иеленген Сатыбалды атамыз биыл да сол жетістігін қайталап отыр.

Түгелбай БИСЕН,

Бәйтерек ауданы