4.12.2020, 9:18
Қараулар: 111
Жас күйшілер саф өнерді паш етті

Жас күйшілер саф өнерді паш етті

Бәйтерек ауданы Дариян ауылындағы саз мектебінің ұстазы Толқын Өтеуова «Күйші Бапас» атты жас күйшілер сайысын ұйымдастырды.

Дәулескер күйші Дәулеткерей Шығайұлының 200 жылдығына орайластырылған домбырашылар бәйгесіне Переметный, Трекин, Дариян, Мичурин ауылдарының өнерпаздары қатысты.

Лайв режимінде өткен күй сайысының көрермендері де өздері үкілеп қосқан жас домбырашыларының тілеуін тілеп, жылы пікірлерін білдіріп жатты.

Ұлттық өнерімізді көпке танытып, ұлы күйшінің мәңгі өлмес шығармаларын шарықтатқан сайыс қорытындысында орта буын күйшілерінің ішінен дарияндық Мұхамбет Нұрдәулет бірінші орынды иеленсе, жоғары буын күйшілерінің арасында мичуриндік Нәзира Өтеген үздік деп танылды.

Гүлжан Аязбаева,

Бәйтерек ауданы