30.11.2020, 16:35
Қараулар: 61
Жас актер жоспарымен бөлісті

Жас актер жоспарымен бөлісті

 

Аудандық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығының ұйымдастыратын дәстүрлі «Жетістік жолы» онлайн сұхбаты жалғасуда.

Инстаграм желі арқылы өткен жобаның бұл жолғы қонағы жас актер Аман Ғұмаров болды.

Аудандық «Бәйтерек таланттары» театрының актеры Кеңесары Болғанбаев жүргізген тікелей эфирде кеш қонағы өзінің өмірі мен шығармашылығы жайында әңгіме өрбітті.

Батыс Қазақстан облысының Жаңақала ауданы Қызылоба ауылында дүниеге келген Аман Ғұмаров ғасырлар тоғысында қазіргі Бәйтерек ауданының Янайкин ауылына қоныс аударған.

Сол ауылда мектепті тәмамдап, арман қуып Алматыға жол тартады. Арманы алдамаған талапты жігіт Т. Жүргенов атындағы өнер академиясынан білім алып шығады.

-Өнер жолындағы алғашқы қадамым осы ауыл сахнасында басталды. Түрлі байқауларға қатысып, жүлде ала бастаған соң өнер саласын таңдауға бел будым. Облыстық «Балдаурен», республикалық «Балбөбек» фестивальдарына қатысып, шеберлігімді шыңдай түстім. Осы күні аздаған жетістікке жеткен болсам, ол ағам Замир Ғұмаровтың арқасы деп білемін.

Ал кейінгі биік белестерге жетуіме Алматыда қанатының астына алып, тәлім берген ұстазым Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Асхат Максимұлы себепші болды,-дейді жас актер.

Эфир барысында Аман Ғұмаров бәйтеректіктердің сұрақтарына жауап беріп, елдің амандығын тіледі.

Алдағы жоспарларымен де бөліскен Аман Ғұмаров актерлық талантын әлі де шыңдай түсіп, көрермендерін жаңа бастамаларымен қуантқысы келетінін жеткізд

Аружан АМАНЖОЛ,

Бәйтерек ауданы