4.12.2020, 9:20
Қараулар: 83
Жайдарманшылар жарысы

Жайдарманшылар жарысы

«Тұңғыш Президент» мерекесіне орай Бәйтерек ауданы Мичурин ауылында «Жайдарман фестивалі» оздырылды.

Аудандық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығы және «Жас дем» жастар қоғамдық бірлестігінің қолдауымен өткен ойынға жастар ұйымдары мүшелерінен, қала, аудан, ауыл жастарынан, жоғары және арнаулы орта және жалпы орта білім беретін оқу орындарының студенттері мен оқушылардан құралған жайдарман топтары қатысты.

Көңілді тапқырлар клубының ойыны карантин шектеулеріне байланысты көрермесіз, тек қазылар алқасының және бақ сынаған 7 команданың қатысуымен өтті.

Мичурин ауылдық клубының ұйымдастырушысы Ерғанат Мухамбетчин, Қазақстан КВН одағының редакторы Қасиет Кәрім және аудандық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығының басшысы Алма Төлепқалиева сынды қазылар алқасының шешімімен үздік өнер көрсеткен «Белес» командасы бірінші, «Виллаж» екінші «Ампер» командасы 3-орынға лайық деп танылды.

Жеңімпаздар диплом және бағалы сыйлықпен марапатталды.

Аружан АМАНЖОЛ,

Бәйтерек ауданы