24.11.2020, 15:41
Қараулар: 72
Аягөздің кезекті жеңісі

Аягөздің кезекті жеңісі

Жуырда Хамза Есенжанов атындағы облыстық балалар және жасөспірімдер кітапханасы Сергей Есениннің 125 жылдығына арналған «Есенинская осень» атты ақын өлендерін оқу және әндерін орындау байқауын ұйымдастырды.

Лайв байқауға өңіріміз бен Ресей Федерациясының әншілері мен ақындары қатысты. Аталмыш өнер додасының «Романстарды орындау» аталымында бақ сынаған бәйтеректік Аягөз Бейісова І орын иеленіп көпшілікті қуантты.

-Конкурс шарты бойынша әр қатысушы Сергей Есениннің бір өлеңін немесе әнін орындап, оны бейнеге түсіріп, ұйымдастырушыларға жіберу керек болды. Мен ақынның «Клен ты мой опавший» романсын жібердім. Нәтижесі өзіңіз көргендей. Осы ретте әніме сүйемелдеуші болған аудандық мәдениет үйінің белді қызметкері Мәлік Мұсақұловқа ризашылығымды білдіргім келеді,-дейді А.Бейісова.

Айта кетейік әнші Аягөз осы уақыта дейін талай байқаулардан жүлделі орындар иеленіп, ауданның өнерсүйер қаумына жақсы қырынан танылып үлгерген өнерпаз.

 

Түгелбай БИСЕН,

Бәйтерек ауданы