23.11.2020, 15:18
Қараулар: 81
Асылай бас жүлде еншіледі

Асылай бас жүлде еншіледі

Дариян ауылдық мәдениет үйі «Жырлаймын туған өлкемді» атты онлайн өнер сайысын ұйымдастырды. Аудандық мәдени-демалыс орталығының қолдауымен іске асқан лайв байқау қызықты өтті.

Оған Зеленый ауылынан «Дударай» вокалдық тобы, янайкиндік Айымжан Қуаныш, рубежиндік Мәриямгүл Наурызалина, чувашкалық Дильназ Есқалиева, январцевтық Владимир Оппариев, Үлкен Шаған ауылынан Айкөркем Бисембаева, Асан ауылынан Айдана Әзербай, Достық ауылынан «Дил–Ай» вокальдық тобы, переметныйлық Аягөз Бейсова, дарияндық Асылай Көпжанова және трекиндік Кәмшат Қондыкерова қатысты.

Байқауға көп жылдан бері өнер саласында жүрген жандар қатысқандықтан, әншілердің ішінде мықтысын таңдау оңай болмады,- дейді Дариян ауылдық мәдениет үйінің әншісі, әділқазылар алқасының мүшесі Александр Огородников.

Онлайн өткен өнер додасының қорытындысында үшінші орынды «Дил–Ай» вокалдық тобы, екінші орынды Кәмшат Қондыкерова, бірінші орынды Аягөз Бейсова еншілесе, Асылай Көпжанова бас жүлдеге лайық деп танылды.

Барлық қатысушыларға алғыс хаттар мен бағалы сыйлықтар табыс етілді.

Гүлжан Аязбаева,

Бәйтерек ауданы