27.11.2017, 15:08
Қараулар: 84
Ұрпақ игілігіне айналдырсақ…

Ұрпақ игілігіне айналдырсақ…

20170606100915Жуырда Новенький жалпы орта білім беретін мектебінде 8-11 сынып оқушыларының басқосуы өтті. Тәрбие ісінің меңгерушісі Ләйла Төлепқалиеваның бастамасымен Елбасының «Болашаққа бағдар:рухани жаңғыру» мақаласы туралы ой бөлісуді мақсат еткен отырысқа аудандық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталық басшысы Нұржан Ешмұратов, «Шапағат шамшырағы» деструктивтік діни ағымдардан қорғау және көмек көрсету орталығы» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Аяжан Искакова, аудандық қоғамдық келісім кеңесінің төрағасы Қадырбай Абдушев, Трекин ауылдық округі әкімінің орынбасары Дәулет Убаев қатысты. – Елбасының стратегиялық бағдарламасы рухани кеңістігімізді жаңғыртудың жарқын нышаны. Осы орайда, мақсатымыз рухани жаңғыруды сипаттау және патриотизмді дәріптеп, ұлттық құндылықтарды насихаттау, оқушылар бойында ұлттық сананы ояту,- деген мектеп директоры Владимир Сажнев ақпараттық топ мүшелеріне ризашылығын білдірді. Кейін  мектебіміздің белсенді, ақын оқушысы Бағдәулет Халеловтің орындауындағы терме тыңдалды. Жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталық басшысы Н. Сайлаубекұлы мақаладағы «ұлттың рухани коды» деген ұғымның мағынасын терең сөз етсе, қоғамдық келісім кеңесінің төрағасы  Қ. Шүйінғалиұлы қазақ жазуын латын қарпіне көшірудің маңыздылығы жайлы айта келіп, жаңғыру аясындағы тың бастамаларды, өміршең идеяларды ұрпақ игілігіне айналдырсақ деген пікір білдірді. Әлемде болып жатқан жаңалықтарға жастардың еліктеушілік қабілеттерінің жоғары екендігін білеміз. Осы орайда, «Шапағат шамшырағы» деструктивтік діни ағымдардан қорғау және көмек көрсету орталығы» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Аяжан Ерболатқызы оқушылар назарына діни экстремизмге бой алдырмау туралы бейнеролик ұсынып, сауалнама өткізді. Оқушыларда діни танымға байланысты сұрақтар қойып, ой бөлісті.

Анар Көбекова,

Новенький мектебі қазақ тілі мен әдебиет

пәні мұғалімі

Жолдауға қолдау

Басқа да мақалалар