27.11.2017, 14:47
Қараулар: 54
Ынтымағымыз — басты құндылығымыз

Ынтымағымыз — басты құндылығымыз

«Нұр Отан» — халықтық партия. Бізге  ел тағдыры  үшін  жауапкершілік  жүктелген. Партия өзінің құрылған күнінен бастап адамның, қоғамның  және  мемлекеттің  дамуына  жасалатын  жағдайды  жақсарту  мақсатымен  экономика мен саясатта ауқымды реформаларды тұрақты түрде жүзеге  асырып келеді.


20170606100915«Нұр Отан»  партиясы —  қоғамды  ұйымдастыратын  және  Елбасының  мемлекеттік  бағытын  жүзеге  асыруды  қамтамасыз ететін басым саяси  күш, сондықтан «Болашаққа  бағдар: рухани  жаңғыру» бағдарламасының тиімді іске асырылуына мүдделіміз. Ауыл тұрғындары мен мектеп оқушыларының туған елге деген  сүйіспеншіліктерін  арттыруға бағытталған патриоттық шаралар өткізіліп, ел ағаларына  құрмет көрсету мақсатында қайырымдылық акциясы оздырылды. «Алаш  Орда» үкіметінің 100  жылдығына орай «Азаттықты аңсаған Алаш» тақырыбында оқырман конференциясы өтті. Мемлекет басшысының жыл сайынғы Жолдаулары мен бастамаларын, Ұлт жоспары «100 нақты қадам» реформасын түсіндіру, халықтың  жұмыспен  қамтылуына ықпал ету,  көп  балалы отбасылар мен мұқтаж жандарға әлеуметтік тұрғыдан қолдау білдіруді азаматтық міндет санаймын. Жұмыс беруші тараптармен тиімді ықпалдастық арқасында қарапайым 5 тұрғын және 4 жас маман тұрақты жұмысқа орналасты. «Менің  елім — мәңгілік  ел!»  идеясы аясында отбасылық тәрбиені жетілдіру мақсатында мектепте ашылған   «Отбасы  кабинетінің» нәтижелі жұмысы көпке өнеге.  Бірлігі жарасқан көп ұлтты халқымыздың ынтымағын арттырып, қоғамның   демократиялық бағытта дамуы басты құндылығымыз деп есептеймін, сол мақсатта еңбектенемін.

Светлана Голубева, 

Достық мектебінің  директоры,  

аудандық  маслихат 

депутаты

Жолдауға қолдау

Басқа да мақалалар