27.11.2017, 14:53
Қараулар: 90
Сотқа сенген қоғам – ең дамыған қоғам

Сотқа сенген қоғам – ең дамыған қоғам

Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарынан бастап Елбасы Н.Ә.Назарбаев демократиялық мемлекеттің жоғары стандарттарына лайықты сот жүйесін құруды алға қойған болатын. Осы жылдар ішінде Қазақстанның сот жүйесі реформалық сатылардан өтіп, әлемдік стандартқа толық сәйкес келетін сот жүйесіне айналды.


sud_310114_titul Тұңғыш Президентіміздің «Ұлт жоспары – бес институционалдық реформасын жүзеге асырудың 100 қадамы» осының нақты айғағы. Бүгінде халықтың қолдауына ие болған бұл  реформалар егемен елімізді болашаққа апарар жарқын жолдың бастауы, тұғырнамасы іспетті. Олардың аясында халқымыздың әділдік пен демократиялық саясатқа деген сенімі айқындалып, еліміздің кемел келешегіне алтын көпір жалғанды деп айта аламыз. Мемлекет басшысының және Қазақстан Рес­публикасы Жоғарғы Сотының төрағасы Қайрат Әбдіразақұлының бізге жүктеген сот саласындағы тапсырмаларын іске асыру үшін ұжымымыз бар ынта­-ықыластарымен жұмыстануда. Елбасының ерекше қадағалауының арқасында отандық сот жүйесі халықаралық стандарттарға сай дамып келеді. Сондықтан да, ғаламдық бәсекеге қабілеттілік индексінің «Соттардың тәуелсіздігі» индикаторы бойынша Қазақстанның рейтингі жыл сайын жақсаруда. Егемендік алған алғашқы жылдары жалпы сотталғандардың бас бостандығынан айыру көрсеткіші бо­йынша АҚШ­ пен Рессейден кейін үшінші орында болсақ, Тұңғыш Президентіміздің басшылығымен жүргізілген ізгілендіру саясатынының арқасында дамыған озық елдердің тәжірибесін ала отырып, бұл тұрғыда түбегейлі өзгерістерге қол жеткіздік. Ұлт жоспары «100 нақты қадамда» белгіленген міндеттердің сот саласында тиімді іске асырылуы —  халыққа – жақсылық, судьяларға – абырой әкелмек. Ұлт жоспарындағы негізгі бағыттардың бірі заң үстемдігін құру болса, заңдардың үстемдігінің артуы – адам құқықтарының жоғары орынға шығуы деген ұғымды білдіреді. Елбасы бағдарламасында азаматтардың сот төрелігіне қолжетімділігін жеңілдету үшін сот жүйесі инстанцияларын оңтайландыру, судья лауазымына үміткерлерді іріктеу оңтайланып, біліктілік талаптарын қатайту мәселері, судьялардың есеп беру тәртібін күшейту, жаңа Этикалық кодексті қабылдау мәселелері де назардан тыс қалмағаны қуантарлық жағдай. Себебі, сот билігінде бір ғана басты тұлға – судья. Яғни, судья беделі – сот беделі, ал, сот беделі – мемлекет беделі дейміз. Расында да, судьялар үнeмі халықпeн тiкeлeй қарым-­қатынаста болғандықтан олардың моральдық бейнесі мен кәсіби жетістігі қызмет барысында eрeкшe рөл атқаратындығы белгілі. Сондықтан, әрбір судья сот билігінің тәуeлсіздігін нығайтуға, заңның үстемдігін қамтамасыз етуге, өз кәсібінің беделін арттыруға, сот төрeлігін нығайтуға қатысты жұмыстарды адал жүзeгe асыруға тиіс. Өткен жылдың соңында елміздің басты жоспарын іске асыру мақсатында 59 заң күшіне еніп, биылғы жылдың бірінші қаңтарынан бастап «100 нақты қадамды» орындаудың практикалық кезеңі басталды. Нәтижесінде, айқындалған өзгерістер мен толықтырулар нақты іске асуда. Жаңартылған заңнамалар қоғамның сот жүйесіне деген сенімінің артуына өз ықпалын тигізеді. Биылғы жылдан бастап бес сатылы сот жүйесі үш буынды сот жүйесіне ауысты. Мұндай қадам соттағы әуре-­сарсаңның алдын алып, сот шешімін қабылдаудың мерзімін қысқартты. Қазір сотқа түскен істердің басым көпшілігі бірінші және екінші сатыдағы, яғни, аудандық, облыстық және оларға теңестірілген соттарда өзінің түпкілікті шешімін тауып жатыр. Мұның пайдасы, сот шешімдерінің жедел әрі сапалы қабылдануына және орындалуына мол мүмкіндік тудырып отыр. Нәтижесінде, жалпы сот дауларының қаралу мерзімі 1,5 жылдан он айға қысқарып отыр. Сондай-­ақ, бүгінгі күні сот жүйесінде ғана емес, еліміздегі ауыл­ аймақтарда жергілікті ақсақалдардан құралған кәсіби емес медиаторлар ортасы қалыптасып келеді. Себебі, ауылдардағы майда­-шүйде дау-­дамайлар қазіргі заманда абыз ақсақалдар мен ақ жаулықты аналар төрелігінің арқасында әділ әрі тез шешілуі, әсіресе сотқа жетпей байыбына келуі ауадай қажет. Еліміздегі сот әділдігін іске асыруда оның халыққа ашық және қолжетімді болуы – Елбасы алға қойған ең жауапты міндеттердің бірі. Бұл жауапкершілікті біздер барынша сезініп, берілген тапсырмаларды одан әрі де тыңғылықты атқармақпыз. Сол үшін өзіміздің ұлттық заңнамаларымыздың қасиетін терең ұғынып, қадіріне жете ұғынамыз. Заңды сыйлау, оны орындау біздің қоғамның басты шарттарының бірі болуы тиіс. Осы орайда, еліміздің Тұң­ғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың: «Халқы заңын сыйлайтын, сотына сенетін қоғам – ең дамыған қоғам», — деген қанатты сөзін әр азамат жадында сақтап, бойтұмардай бағалай білгені абзал.

Т. Макишев,

Зеленов  аудандық сотының

кеңсе меңгерушісі

Жолдауға қолдау

Басқа да мақалалар