28.10.2020, 11:46
Қараулар: 140
Adal komek» жобасы жалғасуда

Adal komek» жобасы жалғасуда

Биылғы жылдың екінші жартыдылдығында Бәйтерек ауданында мал мен құстық қауіпті ауру ошағы табылмаған. Аудандық ветеринарлық станциясының мамандары құс тұмауы өршіген шақта барлық округтерді аралап, қауіпсіздік шараларын ұйымдастырған. Бұл туралы «Adal komek» жобасы аясында тікелей эфирге шыққан «Бәйтерек ауданының ветеринарлық станциясы» МКК директоры Әсет Әубекеров мәлімдеді.

Оның сөзінше, ветеринарлық станцияның жүргізген профилактикалық шаралары 97 пайызға атқарылған. Жыл басынан бері аудан аймағындағы 47500 қойдан, 42000 ірі қаралан қан алынып тексерілген. Аудан бойынша үйжануарларының ахуалы жаман емес екен.

-2019 жылдың екінші жарты жылдығынан бастап қазіргі уақытқа дейін қосымша зерттеулер жұмыстары атқарылып, елді мекендерде сауықтыру жұмыстары жүргізілуде. Медицина адамды емдесе, ветеринария адамзатты емдейді. Сондықтан біздің мамандар үй жануарларының аурудан ада болуына үлкен жауапкершілікпен қарайды. Алдағы уақытта зерттеу жұмыстары әлі де жалғасады,-деді Ә.Әубекеров

Аружан БОЛАТБЕКҚЫЗЫ,

Бәйтерек ауданы

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар