28.10.2020, 14:40
Қараулар: 138
Өрт қауіпсіздігі басты назарда

Өрт қауіпсіздігі басты назарда

Бәйтерек ауданының Төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері №24, №22 өрт сөндіру бекеттерімен бірлесіп, аудан орталығы мен округтердегі тұрғын үй секторларын аралап, профилактикалық-тексеру жұмыстарын жүргізуде.

Шараның мақсаты — жылыту маусымы кезеңінде өрт қауіпсіздігі ережелерін сақталуын қадағалау. Бүгінде Калинин, Махамбет, Мичурин, Переметное, Дариян ауылдарында 180 тұрғыны бар 72 үй профилактикалық тексеруден өткен.

-2020-2021 жылғы қысқы кезеңде өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау бойынша жылыту кезеңінде тұрғындар арасында алдын алу және түсіндіру жұмыстарын жүргізген болатынбыз. Тексеріс барысында бірқатар олқылықтар анықталып, ескертулер мен жадынамалар берілді, — дейді Бәйтерек ауданының төтенше жағдайлар бөлімінің инжинері, азаматтық қорғау лейтинанты Жанболат Жасталапов.

Аружан БОЛАТБЕКҚЫЗЫ,

Бәйтерек ауданы

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар