3.02.2020, 11:08
Қараулар: 114
Өрт сөндірушілер оқушылармен кездесті

Өрт сөндірушілер оқушылармен кездесті

Дариян ауылындағы №22 өрт сөндіру бекеті мен ауылдағы модельді балалар кітапханасының ұжымы ауыл балаларына «Өрт сөндіру бекеті не үшін қажет» тақырыбында әңгіме сағатын ұйымдастырды.


№ 22  өрт сөндіру бекетінің  басшысы Айдар Жұмағалиев пен азаматтық қарауыл бөлімінің меңгерушісі, азаматтық қорғау капитаны Сауран Құрманқұл өткізген кездесуге ауыл мектебінің оқушылары қатысты.

Шара барысында балаларға өрт сөндіру бекетінің қызметі, қауіпсіздік ережелері, өрт сөндіру кезінде пайдаланатын құрал –жабдықтар, авариялық құтқару жұмыстары жайында кеңінен мағлұмат берілді.

Балаларды өрт сөндіруші жұмысымен толығырақ таныстыра түсу мақсатында оларға жауынгерлік киім мен демалу аппараттарын киіп көруге де мүмкіндік берілді.

-№ 22 өрт сөндіру бекетінде арнайы 3 техника және қосымша 1 техника қызмет атқарады. Әр адамның өмірі біз үшін қымбат. Бекет қызметкерлері қайғылы оқиғаға әкеп соғатын  жайттарды болдырмау үшін өз білімдерін толықтырып қана қоймай, өрт сөндіру ережесінің тәртібін бұзбауын қадағалап отырады,-деп шараны қорытқан Айдар Асылбекұлы қатысушыларға өрттің болуына жол бермеу үшін қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтау керектігін ескертті.

Гүлжан АЯЗБАЕВА

Аудан жаңалықтарын газеттің әлеуметтік желідегі парақшаларынан оқуға болады Инстаграм Фейсбук