1.02.2016, 11:54
Қараулар: 135
ҰЛТ КҮРЕСІ ҰЛЫҚТАЛЫП КЕЛЕДІ

ҰЛТ КҮРЕСІ ҰЛЫҚТАЛЫП КЕЛЕДІ

Орал қаласында 1999-2000 жылдары туған жасөспірім ұлдар, 2001-2002 жылы туылған қыздар  арасында қазақ күресінен облыс чемпионаты өтті.

kaz-kures

Өңіріміздің барлық  аудандары мен Орал қаласының жас палуандары бақ сынаған боз кілем бәсекесінде бақтарын сынған Зеленов жастары жақсы нәтижелерімен қуанытты.

Трекиндік Нұрлан Мұхтаров, дарияндық Наурызбек және Фарид Сапиев, көшімдік Раушан Есеғалиев пен переметныйлық Манарбек Кенжеғалиев сияқты бапкерлерден тәлім алып жүрген Дәулет Өтешев, Мағжан Мұхамбетқалев, Орынтай Жангерей сияқты палуандар үшінші орыннан көрінсе, Бекзат Қайырғалиев пен Артур Батырбаев  екінші, Дәурен Шүйінішқалиев, Ақылбек Қабдолмәжит, Дидар Еремин сынды бозкілем шеберлері бірінші орын иеленсе, қыздар арасында жарысқа түскен Марина Пухова үшінші, Гүлфарида Файзуллаева мен Құралай Мұратова екінші, Эльнара Биғалиева бірінші орынды жеңіп алды. Алдағы жарыстардағы көрсеткіштеріміз бұдан да биік болады деген сенімдеміз.

Осы жарыста бірініші орын алған спортшылар наурыз айында Өскеменде өтетін Қазақстан чемпионатына жолдама иеленді.

WWW.AUYLTYNYSY.KZ

Түгелбай БИСЕН