21.02.2017, 19:34
Қараулар: 239
ҚР ИНВЕСТИЦИЯЛАР ЖӘНЕ ДАМУ МИНИСТРЛІГІНІҢ ӨКІЛДЕРІ КЕЛДІ

ҚР ИНВЕСТИЦИЯЛАР ЖӘНЕ ДАМУ МИНИСТРЛІГІНІҢ ӨКІЛДЕРІ КЕЛДІ

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты қазақстан халқына жолдауын түсіндіру мақсатында Зеленов ауданына Қазақстан Республикасының инвестициялар және даму министрлігі геология және жер қойнауын пайдалану комитеті төрағасының орынбасары Талғат Сатиев пен аталмыш министрліктің индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары Қанат Баитов келді.

ГТС

Аудан аумағында орналасқан «Батыс Пауэр» ЖШС жұмысшыларымен кездескен құрметті қонақтарды аудан әкімінің орынбасары Ринат Шәуенов таныстырған соң Талғат Бақтыярұлы сөз алып, Елбасы жүктеген тапсырмаларды орындау, Жолдауда айтылған міндеттерді іске асыру барша қазақстандықтар үшін үлкен тапсырма екендігін айта келіп, еліміздің экономикасына тың серпін берер индустриялық жоба жұмысшыларымен кездескеніне қуанышты екеніндігін жеткізді. Ал Қанат Құрмашұлы:
-Батыс өңірі еліміздің экономикасын алға сүйреп отырған аумақтардың бірі. Ал Зеленов ауданы қашан да ауыл шаруашылығы дамыған аймақ ретінде танымал болды. Жұмысын бастағанына көп бола қоймаған «Батыс Пауэр» ЖШС-нің жұмысына сәттілік тілеймін. Күні кеше ғана Елбасымыз өзінің кезекті Жолдауын жолдады. Ол құжатта еліміздің алдағы жылдарға арналған басты бағыт-бағдары көрсетілген. Сондықтан Президент тапсырмасын орындау сіздер мен біздердің басты атқарар ісіміз. Біздің күшіміз бірлікте. Біз қазақстандықтар Елбасы тапсырмасын бірлесе жүріп орындай аламыз,-деді. ГТС 1
Жиын соңында «Батыс Пауэр» ЖШС-нің бас директоры Марина Балашова сөз алып, қонақтарға ризашылықтарын білдірді. Одан соң мәртебелі меймандар индустриалды аймақтың жұмысымен танысты.

Түгелбай БИСЕН