19.11.2020, 11:31
Қараулар: 135
Қауіптің алдын алуда

Қауіптің алдын алуда

Аудан жастары, ауылдық округтердегі волонтерлар мен белсенді азаматтар ауру дендеп, жұқтырғандар санын көбейтпеу мақсатында бірқатар шараларды қолға алып, халық арасында түсіндірме жұмыстарын жүргізуде.

Жуырда Железнов және Янайкин аулдық округінің белсенділері «Қашықтықты сақта» акциясын ұйымдастырды. Ауылдағы адам көп шоғырланатын орындар мен азық-түлік дүкендеріне барған олар азаматтарды әлеуметтік ара-қашықтықты сақтауға шақырып, түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

Ал Макаров ауылдық округінің жастары «covid-19» індетінің қалай жұғатыны жайындағы және одан қалаша сақтану керек екенін ескертетін парақшалар мен үнпарақтарды таратып, ауыл тұрғындарын сатанып жүруге шақырды.

Өз тілшіміз

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар