19.11.2020, 11:37
Қараулар: 157
Індет жұқтырған балалар да бар

Індет жұқтырған балалар да бар

Соңғы уақытта «covid-19» ауруын жұқтырған азаматтар саны артып, өңіріміз қызыл аймаққа енді. Демалыс күндері облыс аумағына арнайы санитарлық бекеттер қойылып, аудан орталығына кіріп шыққан азаматтар да тексерілді.

Қараша айы басталғалы аудан аумағында ауру жұқтырған 39 адам тіркелген. Бұл мәліметті бізге ҚР санитариялық-эпидемиологиялық бақылау коммитеті, БҚО санитариялық-эпидемиологиялық департаменті Бәйтерек ауданының санитариялық-эпидемиологиялық басқармасы берді.

Мекеме мамандарының айтуынша, індет жұқтырған азаматтардың ішінде 14 жасқа дейінге 6 бала бар екен. Бүгінде ауданның үш мектебінде ауру жұқтырғандар тіркелген. Сондай-ақ 9 ауылда ауру ошағы анықталыпты.

Ауру белгілері бар 25 адам үй карантиніне жабылған болса, 8 азамат аудандық аурухананың жұқпалы аурулар бөлімінде, тағы 6 адам облыстық жұқпалы аурулар ауруханасында екен.

Айта кетейік індеттің алдын алуға бағытталған шаралар бір мезетке де тоқтаған емес. Аудан әкімдігі жанынан құрылған арнайы мониторингтік топ мүшелері барлық ауылдарды аралап, мектептер мен адам көп шоғырланатын орындарға және азық-түлік дүкендеріне барып, түсіндіру жұмыстарын жүргізуде. Десе де карантин талаптарына немқұрайлы қарайтындардың әлі де бар екені қынжылтады.

Түгелбай БИСЕН

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар