13.01.2016, 17:28
Қараулар: 170
СЕРГЕК СЕЗІНГІҢІЗ КЕЛСЕ, «ДУБРАВАДА» ДЕМАЛЫҢЫЗ!

СЕРГЕК СЕЗІНГІҢІЗ КЕЛСЕ, «ДУБРАВАДА» ДЕМАЛЫҢЫЗ!

Халықты тұрақты және нәтижелі жұмыспен қамтып, табыс деңгейін  арттыруға арналған мемлекеттік бағдарламалардың берері мол екендігін барша ағайын жоққа шығара қоймас — ау, сірә.

_DSC0048

Шапағаты мол  бағдарламалардың бірі —  «Бизнестің жол картасы — 2020». Кәсіпкерлік саласын қолдау мақсатындағы бұл жоба  біздің де  ауданымызда  ойдағыдай жүзеге асуда. Мәселен, мемлекеттік бағдарлама іске асып жатырған 6 жыл ішінде ауданда 57 инвестициялық жобаны қаржыландыру мақсатында 10,6 миллиард теңге қаржы бөлініп, 700 жаңа жұмыс орындары ашылған.  Қуанарлық  жәйт. Осындай  қуанышты сәттің бірі  таяуда Мичурин  округі маңында  халық игілігі үшін жасалған «Дубрава» демалыс кешенінің  көпшілікке есігін айқара ашуы.

_DSC0035

Айта кетерлігі, бұл кешеннің құрылысына атаулы бағдарлама арқылы  50 миллион теңге бөлінген екен.

Ашылу салтанатына аудан әкімінің орынбсары Рафилбек Аманжол, аудандық кәсіпкерлік бөлімінің басшысы Бағдат Тоқжанов, аудандық кәсіпкерлер палатасы филиалының директоры Әсел Қартқожақова және «Сбербанк» акционерлік қоғамының БҚО филиалының директоры Александр Бурахта куә болды.

Жиында сөз алған Рафилбек Аманжолұлы: «Кәсіп иелерін қолдау еш уақытта тоқтамайды. Елбасымыздың өзі де кәсіпкерлікпен айналысатын жандарды қолдауға шақырады. Осындай тамаша кешеннің ашылуы да Президентіміздің салиқалы саясатының арқасында мүмкін болып отыр»,-деп ұжымға сәттілік тілесе, Бағдат Берікұлы да демалыс орны халық игілігіне жұмыс жасайды деген сенімін білдірді.

_DSC0030

— Кешен құрылысын 2012 жылы бастадық. Көптеген қиындықтар кездесті. Мемлекеттің көмегі арқасында өзімізде бар қаржыны тағы да 50 миллионға толтырып, кешенді ашып, арманымызға қол жеткізгендейміз. Қазір екі қабатты ресторан, жазғы кафе, балаларға арналған сырғанақ және жазда мезгілінде жұмысын бастайтын жағажайымызбен шағын сахна да дайын тұр. Болашақта кәсібімізді кеңейтеміз деген ойдамын,-дейді кешен иесі Алина Акишева.

Сондай-ақ, қазіргі таңда жұмысын бастап кеткен демалыс орны 30 адамды жұмыспен қамтамасыз етіп отырғандығын айта кеткен жөн.

WWW.AUYLTYNYSY.KZ

Түгелбай БИСЕН

«Бизнестің жол картасы - 2020»

Басқа да мақалалар