29.12.2020, 9:25
Қараулар: 42
Сала үздіктері марапатталды

Сала үздіктері марапатталды

Ауыл шаруашылығы ел экономикасының қозғаушы күші. Жыл санап, ел үкіметі диқан мел малшының жағдайын жасап нәпақасын даладан тапқан азаматтарға деген қолдауын аямайды. Жыл соңында бір топ бәйтеректік кәсіпкерлер мен ауыл шаруашылғы саласының үздіктері түрлі медальдар мен алғыс хаттарға ие болды.

Сала үздіктерін Қазақстан фермерлер қауымдастығының БҚО өңірлік филиалының төрағасы Серік Жарылғапов табыс етті.

Төраға қолынан С.Ихсанов «Ауыл шаруашылығы саласының үздігі» төс белгісін, А.Журавлев «Ауыл шаруашылығы саласының құрметті ардагер» төсбелгісін алса, РҚБ ҚФҚ құрмет грамотасымен А. Галимов, А. Гурсаев, Г.Наурызбаев, Т.Кан, Т. Залмұқанов және А. Аманғалиев сынды кәсіпкерлер мен шаруашылықы жетекшілері марапатталды. Салтанаатты жағдайда өткен шара барысында Б.Шканов пен С. Шонайбеков ҚР ауыл шаруашылығы министрінінің «Құрмет Грамотасын» иеленді.

-Бәйтерек ауданы тек өңірімізді ғана емес, барша елімізді ауыл шаруашылығы өнімдерімен қамтып отыр. Жыл сайын аудан шаруалары егістік жерлерін кеңейтіп қана қоймай, мал шаруашылығын да мықтап дамыта бастады. Аудан шаруаларының істері оңға баса берсін,-деді Қазақстан фермерлер қауымдастығының БҚО өңірлік филиалының төрағасы Серік Жарылғапов.

Түгелбай БИСЕН,

Бәйтерек ауданы

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар