27.10.2020, 9:22
Қараулар: 142
Сала қызметкерлерін құттықтады

Сала қызметкерлерін құттықтады

2011 жылы 20 қазанда Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті — Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен қазан айының соңғы жексенбісі әлеуметтік қорғау жүйесі қызметкерлерінің кәсіби мерекесі болып бекітілген болатын. Содан бері бұл мереке аталып өтіледі.

Осыған орай Бәйтерек ауданы әкімінің орынбасары Ерікқали Бисақаев аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің қызметкерлерімін кездесіп, кәсіби мерекелерімен құттықтады.

Жоғары кәсібилік және ұйымдастырушылық қабілеттілігі мен әлеуметтік-еңбек саласына елеулі үлес қосқаны үшін және бәйтеретіктердің әл-ауқатын арттыруда аянбай еңбек еткен әлеуметтік қызметкерлер аудан әкімі Марат Тоқжановтың алғыс хатынмен марапатталды.

Ерікқали Ғұмарұлы әлеуметтік сала мамандарының жұмыстарына табыс тілеп, ерекше ықыласы мен ілтипатын білдірді.

Аружан Болатбек

Бәйтерек ауданы

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар