25.11.2020, 15:20
Қараулар: 85
Көлігінен айырыла жаздады

Көлігінен айырыла жаздады

Жуырда Бәйтерек ауданына қарасты Макаров ауылының 1975 жылы туған С есімді тұрғыны ауыл маңындағы Шаған өзенінің жағасына барып, мұз қалыңдығын тексермек болған.

Ауди маркалы көлігін өзен жағасына қалдырып, мұз қалыңдығын тексеріп жүргенде автомобиль өздігінен өзенге қарай қозғалып кетіп, мұзды жарып жартылай суға батып барып тоқтайды.

Көлікті шығара алмайтынын білген С ауылдастарына қоңырау шалып, жергілікті тұрғындар мұзды жарып, аудиді өзеннен шығарған.

Оқиғаның қалай болғанын тексерген аудандық полиция бөлімінің учаскелік полиция инспекторының көмкшісі, аға лейтенант С. Машанов көлік иесімен түсінік жұмыстарын жүргізіп, оның ешкімді кінәламайтынын және оқиға аяқ асты болғанын анықтапты. Мәлімет аудандық полиция бөлімінен алынды. Макаровтық ағайынның көлікті құтқару операциясының видеосын «Ауыл тынысы» газетінің инстаграм парақшасынан көре аласыздар.

Түгелбай БИСЕН,

Бәйтерек ауданы

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар