9.02.2017, 13:45
Қараулар: 223
ЖҰМЫЛА КӨТЕРГЕН ЖҮК ЖЕҢІЛ

ЖҰМЫЛА КӨТЕРГЕН ЖҮК ЖЕҢІЛ

Жаһандық үдерсітер мен әлемдегі жағдайлар еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуына ықпалын тигізетіні анық. Шағын несие беру аясын кеңейтіп, кәсіпкерлерге кепілдік жасау және қызмет көрсету тетіктерін белсенді пайдалану. Жаппай кәсіпкерлікті қолдау тетіктерін одан әрі жетілдіру керек екені өте айқын. Еліміздің әр өңірін жаппай  кәсіпкерлікті, соның ішінде  отбасылық кәсіпкерлікті дамыту  және   жаңадан жұмыс орындарын ашумен  бірге мемлекеттік қызмет көрсету үрдісін оңтайландыру, құжаттардың мерзімен тізбесін қысқартып қайталанатын рәсімдерді жою  сонымен қатар тұрғындардың баруын қажетсінбейтін толық электронды форматқа көшу  жүйесін мейлінші жетілдіру аса маңызды.

Жумагалиев Абылай Еспайулы (3) Ал білім  саласында 2019 жылдан бастап 10-11 сыныптарында кейбір  пәндер ағылшын тілінде оқытылатыны да шегеленіп айтылған. Жастарды жұмыспен қамту, өз ісін ашуға ниет білдірген азаматтарға несие беру бағытында «баршаға тегін кәсіптік-техникалық білім беру» жобасын іске асыру дәстүрлі жолдауда ерекще аталып өтілді. Экономика ілгері дамып, жаңа өндірістерге қол жеткізу үшін кәсіптік білім беру жүйесінде заман талабына сай мамандар дайындау басты назарда.

Біздің қоғам бұл саяси өзгерісті жылы қабылдайтынына сенімдімін. Елбасының тапсырмаларын орындап, жүкті жұмыла көтеруімізге дайын болуымыз қажет.

 

Абылай ЖҰМАҒАЛИЕВ,

Январцев ауылының әкімі