30.01.2020, 12:44
Қараулар: 100
Жастар еріктілер жылын қарқынды бастады

Жастар еріктілер жылын қарқынды бастады

Еріктілер жылы аудан жастары жақсы қарқынмен бастады. Биыл жүзеге асатын 7 жалпы ұлттық жобаның қай-қайсын да аудан еріктілері мықтап қолға алды. Әсіресе, «Birgemiz:Qamqor» жобасы сәтті жүзегі асып келеді.


Ауданның әр округінде жастар бірігіп, жалғызбасты, көмекке мұқтаж кейуаналар мен ақсақалдардың ауласындағы қарды аршып, баталарын алуда. Жуырда Рубежин аулының волонтерлары  ауылда тұратын Тамара Нечаеваға қолғабыс етті.

Көшім ауылының еріктілері де қарап қалмай «Birgemiz:Sabaqtastyq» жобасын жүзеге асыруға кірісті. Ауылдағы жастар жетекшісі «НұрАй» би ансаблімен бірігіп, округтегі арнаулы балалар үйіне барып, мерекелік концерт өткізді. Жастардың қамқорлығын сезініп, тамаша концертке куә болған балалар үйінің тәрбиеленушілері ұйымдастырушыларға ақ тілектерін айтып, ризашылықтарын білдірді.

Аудандық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталық басшысы Алма Төлепқалиева:

-Барлық округтерде еріктілер тобы құрылды. Жастардың белсенділігі қуантады. Біздің әр шарамыз, әр акциямыз бір реттік не бір жылдық емес. Біздің мақсат, жастарды жақсы іске жұмылдыру,-дейді.

Түгелбай БИСЕН

Аудан жаңалықтарын газеттің әлеуметтік желідегі парақшаларынан оқи аласыз. Инстаграм Фейсбук

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар