29.10.2020, 11:11
Қараулар: 120
Жастар бағдарламасы жайы түсіндірілді

Жастар бағдарламасы жайы түсіндірілді

«LIVE DIOLOGUE» жобасы аясындағы кезекті тікелей эфирді жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталықтың басшысы Алма Тулепкалиева жүргізіп, аудан жастарына «Жастар практикасы» тақырыбында баяндама жасады. Эфир барысында «Еңбек» бағдарламасының негізгі ережелері мен шарттары талқыланды.

-29 жасқа дейінгі жастар, соңғы үш жылда өз мамандығын бойынша жұмасқа орналаспаған жағдайда «Еңбек» бағдарламасы арқылы мемлекеттен арнайы ақы төленетін тәжірибеден өте алады. Диплом алып, жұмысқа орналаспаған жастарға биыл аталмыш бағдарламамен еңбек ақы ретінде 69450 тенге төленеді. Жобаға қатысушы жастың шығынын мемлекет 6 ай көлемінде қаржыландырады. Ол жас үшін алған мамандығы бойынша 6 ай тәжірибе жинауға үлкен мүмкіндік береді,-деді Алма Шапбазкерейқызы.

Аудан астарын түрлі бағытта ақпараттандыру мақсатаныда қолға алынған «LIVE DIOLOGUE» алдағы уақытта жалғасын таппақ.

Аружан БОЛАТБЕКҚЫЗЫ,

Бәйтерек ауданы

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар