14.02.2017, 15:07
Қараулар: 235
ЖАСАМПАЗДЫҚҚА БАСТАР ЖАРҚЫН ҚҰЖАТ

ЖАСАМПАЗДЫҚҚА БАСТАР ЖАРҚЫН ҚҰЖАТ

Елбасы  Н.Ә.Назарбаевтың жұртшылыққа  жол тартқан  Жолдауын түсіндіру мақсатында Дариян ауылдық мәдениет үйінде ауыл активтерінің қатысуларымен жиын өтті. Жиынға БҚО Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары, хатшылық меңгерушісі Ғ.Қапақов, Зеленов ауданы әкімінің орынбасары А. Досжанов, мәслихат хатшысы Р.Исмағұлов қатысты.

DSCN3206[1]Алдымен  сөз алған Ғайса Хамидоллаұлы: — Жаңа Жолдаудан Елбасының саясаттағы, экономикадағы, әлемдік  дамудағы ұстанымын көреміз. Бұл нақты салалар бойынша кәсіби біліктілігі бар жаңа мамандарды жұмысқа тартуға мүмкіндік береді. Біз тәуелсіз мемелекеттің  сындарынан аман өтіп,  елдің тұрақты   дамуын сақтап қалу үшін өз таңдауымызды жасадық. Біздің қағидатымыз – еңбек адамдарына бағдар жасау. Елбасы Жолдауының негізгі арқауы —  әсіресе,ауылдық жерлерде кооперативтер құрып, бизнесті дамыту арқылы еңбектену. Яғни,еліміздің азаматтары лайықты еңбек етіп, жалақы тауып,өз тұрмысын жақсарту. Осы тұрғыдан алғанда, біз қазір өз күшіміз   бен  қаражатымызды есепке ала отырып, қолда бар ресурстарымызды бей-берекет шаша бермей,үнемдеп пайдалану да Жолдаудың негізгі элементі болып табылады. Шынымен де біз өте бай елміз.Жеріміз де орасан  зор табиғи ресурсымыз бар.Мұнайдың,газдың көлемі жеткілікті.

Бүгінгі  таңда  қалыптасып отырған жаһандық  дағдарыс –ол тек қауіп қана емес,сонымен бірге жаңа мүмкіндіктер.Осындай күрделі уақытта бір сілкініп алып,алға қарай білек сыбана  іске кіріскенде ғана, көп шаруалар оң шешімін табуда, -деп Жолдауда   көрсетілген  45   тармақтың  әрқайсысына  жеке-жеке тоқталып,айрықша атап өтті.

Сондай-ақ Асылұлан Тұрсынұлы мәні зор құжат  туралы пікірін айтып, жиынғы қатысқан ауыл активтерінің Жолдауды  қолдайтындықтарын жеткізді.

Гүлжан    АЯЗБАЕВА