28.02.2017, 16:24
Қараулар: 295
ЖАЛПАҚ ЖҰРТ САҒАН РИЗА, ҚАЗАҚ ЕЛІ!

ЖАЛПАҚ ЖҰРТ САҒАН РИЗА, ҚАЗАҚ ЕЛІ!


Ежелден жүрегінің кеңдігімен, көңілінің дархандығымен, қонақжайлылығымен, бауырмалдығымен белгілі қазақ елі тағдыр талайымен қиын жағдайға тап болған халықтардың алғысына әркез бөленіп келеді.

коркинБіздің қоғамдық тәртіп ұжымында да сан түрлі ұлт өкілдері қызмет етіп келеді. Барлығының мүдддесі бір. Ел бірлігі, татулығы біздің стратагиялық бағытымызға айналып отыр. Осы келісім мен татулықты насихаттауда түрлі шаралар бастау алғаны бәрімізге мәлім. Өткен жылдан бастап Елбасының бастамасымен 1 наурыз — Алғыс айту күні болып тағайындалды. Берекелі тірліктің арқасында елге қызмет етіп келеміз. Осы орайда ұжымымдағы әріптестерімнің ерлік істеріне, төзімділіктеріне, шыдамдылықтарына алғысым шексіз. Келешекте де жастардың бойына отансүйгіштік ұғымын жас ұрпақтың санасына сіңіру парызымыз. Біз оны сөзбен емес, іспен дәлелдейміз.

Валерий Коркин,
Приурал аймақтық ауылдық полиция бастығы, полиция капитаны